Сағынтаев жастарды мемлекеттік жобаларға белсене қатысуға үндеді

0
63

15 наурыз күні Мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытжан Сағынтаев бірқатар жас буын өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Кездесу барысында республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері Мемлекеттік хатшыға Жастар жылы аясында жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша қазіргі таңда жастардың әл-ауқатын жақсартуға, олардың сапалы білім алуына, денсаулық сақтау қызметіне қол жеткізуіне, баспана жағдайын түзетуіне, бос уақыттарының дұрыс ұйымдастырылып, Қазақстан жастарының өмірден өз орнын табуына бағытталған маңызды әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Елбасының жастар саясаты саласында алға қойған міндеттерін тиімді орындау үшін мемлекеттік органдар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдары бірлесе жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

Осыған байланысты Бақытжан Сағынтаев еліміздің жастарын Жастар жылы аясында іске асырылып жатқан жобаларға белсене атсалысуға, өзін-өзі жетілдіру, білім деңгейін көтеру және кәсіби біліктілігін артыру үшін жаңадан енгізілген “әлеуметтік лифт” мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы жастар еліміздің жаһандық әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналуға тиіс екенін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз