Шымкент қаласының әкімін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тағайындайды. Н. Назарбаев “Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ” қаулыға қол қойды.
Қазақстан президенті тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметкерлерден өзге қатарда Астана, Алматы қалаларының да әкімдері бар.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын қала әкімінің өзі тағайындай алады. Қаланың полиция департаменті басшыларын ҚР Ішкі істер министрі тағайындайды.