Сирия бойынша Ресей-Түркия-Иран саммиті Ыстамбұлда өтеді

0
126
дереккөзден

3 сәуір Ынтымақтастық Кеңесінің жоғары деңгейдегі кездесуі және 4 сәуір Сирия мәселелері бойынша Түркия, Ресей және Иран мемлекеттерінің үш жақты саммиті Ыстамбұлда өтеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Түркия Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хами Аксойдың Анкарада өткен баспасөз мәслихатында саммиттің сәуір айының басында өткізілетінін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Сирия мәселесіне қатысты жоғары дәрежелі Иран-Ресей-Түркия Сыртқы істер министрлерінің кездесуі 16 наурыз Астанада өтеді.

Түркия, Ресей және Иран лидерлері өткен жылдың қараша айында Сочиде бас қосып, Сирия дағдарысында бірге әрекет ету жөнінде шешім қабылдаған боатын. Сонымен қатар, аталған үштік – Астанада бірнеше мәрте ұйымдастырылған Сирия бейбітшілік келіссөздерінің гаранты. Астана кездесулерінде тараптар Сириядағы соғысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізіп келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз