Сирия Ресей-Иран-Түркия форматында өткен Сирия дағдарысын тұрақтандыру бойынша үшжақты келіссөздер механизмі түрік қарулы күштерін Сирия Араб Республикасының аймағынан шығаруға түрткі болады деп есептейді. Бұл туралы Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Башар Джаафари мәлімдеді.
Өткен сәрсенбіде Ресей, Иран, Түркия басшыларының қатысуымен өткен Анкарадағы үшжақты саммит барысына пікір білдірген Б. Джаафари аталған кездесу Астана процесінің нәтижесі болғанын алға тартты, деп жазады Риа Новости.
«Астана процесінде келісілгендей Түркия түрік шекарасында орналасқан Идлиб аймағының солтүстігіндегі лаңкестік ұйымдарды бақылау үшін жеңіл қаруланған полиция жіберуге міндетті еді. Нәтижесінде не болды – Идлибтегі лаңкестік ұйымдарды бақылау үшін жеңіл қаруланған полиция жіберудің орнына, Түркия әскер жіберді. Бұл Астана келіссөзін бұзу»,
– деп мәлімдеді Б. Джаафари журналистерге берген мәлімдемесінде.
«Біз үшжақты механизм (Ресей-Иран-Түркия – ред) қазір Түркияның қоршауында тұрған Сирияның солтүстік бөлігінен әскерлерін шығару үшін түрік билігіне қажетті қысым көрсетеді деген сенімдеміз»,