Словакия премьер-министрі ресми сапармен Астанаға келеді

0
51

14-16 қарашада Славакия премьер-министрі Петер Пеллегрини Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Айбек Смадияров: 14-16 қарашада Славакия премьер-министрі Петер Пеллегринидің Астанаға ресми сапары өтеді. Аталған сапар Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастар тарихындағы словак үкіметінің басшысы деңгейіндегі алғашқы сапары болмақ.

СІМ ресми өкілінің айтуынша Петер Пеллегрини сапар аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен кездесуі және Қазақстан-Словакия бизнес форумына қатысу жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз