Тәлібтер АҚШ-ты тікелей диалогқа шақырды

0
92
mynet.com

Ауғанстандағы «Талибан» радикалды қозғалысының көшбасшысы Мулави Хайбатулла Ахундзада егер АҚШ елдегі ахуалды бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігін қарастырса, олар мұны тікелей диалог арқылы жүзеге асыруы керек деп мәлімдеді. Бұл туралы жергілікті Tolonews телеарнасы хабарлайды.

Ахунзаданың сөзінше, америкалық шенеуніктердің басты қатесі мәселеде қырсықтық танытуы. «Күш қолдану әрдайым қалаған нәтижені бере бермейді», – дейді қозғалыс көшбасшысы.

Ахунзада Ауғанстанды құтқарудың жалғыз жолы – АҚШ соның ішінде өзге де шетел әскерлерінің ел аумағын тәрк етуі. Оның сөзінше, шетелдіктердің басып кіруі салдарынан Ауғанстанда орын алған дағдарыс Америка мен Ауғанстан халқына шығын келтіруде, бұл тек қана келіссөздер жолымен ғана шешіледі, дейді Ахунзада.

Бұған дейін АҚШ президенті көмекшісінің орынбасары және Ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі Орталық Азия бойынша аға директоры Лиза Кертис тәлібтермен келіссөзде АҚШ ауған ресми билігінің атынан әрекет ете алмайтындарын, дегенмен, олармен өтетін келіссөздерге қатысуға ниетті екендерін атап өткен еді.

Өз кезегінде, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының аяқталуына және Ораза айт (11-19 маусым) мейрамының басталуына байланысты тәлібтермен татулық орнағанын айтқан еді.


Талибан* – 2005 жылдың 15 наурызында Жоғары соттың шешімімен Қазақстанда тыйым салынған шетелдік лаңкестік ұйым.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз