27 қараша күні Қазақстан парламенті мәжілісінде Түркі елдері жас парламентарийлерінің бірінші жиыны өтті.
Жиналысқа Қазақстан, Азербайжан, Қырғызстан, және Түркия елдерінің жас депутаттары қатысып өз елдеріндегі жастардың жағдайы туралы әңгімелеп берді.
Қазақстаннан Мәжіліс депутаты Алия Сапарова “Болашақ” бағдарламасы мен “Жастар жылы” туралы айтты.
“Қоғамда жастардың орны қашан да бөлек. Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың дамуына ден қойды. Әлемнің жетекші елдерінің университеттері мен компанияларында білім алып тағылымдамадан өту үшін халықаралық “Болашақ” стипендиясы тағайындалды. Сонымен қатар, жастарға қатысты басталған жобаларда Қазақстан парламенті Заңның орындалуын бақылап отыр. Жастар саясатының арнайы тұжырымдамасы бар. Ал, 2019 жыл “жастар жылы” деп жарияланды”, – деді ол.
Депутат Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Президенттік жастар кадрлық резерві” атты жобасының да жұмысына тоқталып өтті.
Abdimanap KENES