Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 14 наурыз күні Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраханов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Жалпы отырыста жасаған мәлімдемесінен кейін министр Қайрат Әбдірахманов: «2018 жылғы 14 наурызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға жоспарланған сапары екіжақты әрекеттесуді, әріптестікті, ынтымақтастықты жандандырады. Осы орайда бұл сапар өзара байланыстарды үлкен қадам болмақ. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар өзара сенім мен қолдауға негізделген. Қазақстан мен Тәжікстанның халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі ұстанымы сәйкес келеді», – деп айтты.
Сондай-ақ Имамали Рахмон көрші елдердің басшыларымен бірге 15 наурызда Астанада өтетін Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы саммитіне де қатысады.