Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа жолдау жасайды. Бұл ақпаратты президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды”, – деп жазды президент баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында.
Президент баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, жолдаудың негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.