10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.
Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.