10-11 мамыр күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады. Ол сейсенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл жөнінде сейсенбі Ақорда сайты хабарлады.
Ақорда таратқан ақпаратта қарағанда, Қазақстан мен Түркия көшбасшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтаған және бауырлас екі халықтың өсіп-өркендеп, жетістікке жетуіне тілектестік білдірді.
Олар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамытудың перспективаларын талқылаған.
Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырда Түркияға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтудің маңызды белесі болатынын айтқан. Мемлекет басшысы Анкарадағы келіссөздер осындай деңгейде өтеді деген пікірмен келісті.
Қазақстан президенті экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланыстарды кеңейтуде Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі зор екенін айтты.