23 қазан күні Қазақстан астанасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Белоруссия президенті Александр Лукашенкомен кездесті.
“Александр Лукашенко мырзаның Қазақстанға сапары еларалық барлық сұрақтарды талқылайтын жақсы мүмкіндік. Арадағы сауда-саттық көлемін ұлғайту, гуманитарлық саладағы байланыстырды нығайту жөнінде сөйлесеміз. Бұл екі елдің де халықаралық аренада екі елдің де дамуына жол ашады”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев
“Ең алдымен дос ел Қазақстанға келуге мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғыс айтамын. Минск және Нұр-Сұлтан қалалары ұзақ жылдық тәжірибе алмасу нәтижесінде көркейіп жатыр. Бүгін экономикалық маңызды мәселелерді талқыладық”, – деді Белоруссия президенті. Сонымен қатар, екі ел арасындағы тауар айналымына да тоқталып өтті.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, бүгін президенттер екіжақты маңызды құжаттарға қол қояды. Келешектегі Қазақстан мен Белоруссияның ортақ жобаларын талқылайды. Сонымен қатар, еларалық көші-қон құжаты да қаралатын болады. 2020-2021 жылдарға арналған сыртқы саясатқа байланысты жоспар құрылады.
Abdimanap KENES