Тоқаев Алматы әкімін қабылдады

0
222
photo: akorda.kz

23 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады. Президентке Алматы қаласының дамуы мен биылғы қаңтар айындағы қысқамерзімді экономикалық индикатордың өзгергені туралы есеп берілді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Кездесу барысында қаланы қалпына келтіру жұмыстары мен зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу шаралары туралы баяндалды. Ерболат Досаевтың айтуынша, бизнеске жедел көмек көрсету үшін жеңілдетілген тетік бойынша төлем сомасы 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылған. Ал өтінімдерді қарау мерзімі екі есеге – 1 айдан 2 аптаға дейін қысқартылған. Қала әкімі қазіргі уақытта тіркелген 1413 кәсіпкердің 755-і өтемақы алғанын, 10-шы наурызға дейін шағын және орта бизнес субъектілері өтінімдерінің 90 пайызы орындалатынын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы қалпына келтіру және бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жандандыруды, инженерлік желілерді жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді азайту үшін баспана қорын қайта жөндеуге ерекше назар аударуды тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз