Тоқаев: Барлық мемлекеттік органдар оқиғадан сабақ алуы тиіс

0
394
Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. Photo: Akorda.kz

27 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Президент баспасөз қызметі жиында “ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және нығайту шаралары” қарастырылғанын хабарлады.

Мемлекет басшысының айтуынша, елдегі ахуал толық тұрақталған, құқықтық тәртіп қалпына келтірілген. Ол “барлық мемлекеттік органдар оқиғадан сабақ алуы тиіс” екенін айтқан. Президент қауіпсіздікке жауапты барлық органдар жұмысын өзгертуі қажет екенін атап өткен.

“Қауіпсіздік кеңесі отырысының барысында ұлттық қауіпсіздік жүйесін реформалауға бағытталған нақты шешімдер қабылданды” деп хабарлады Ақорда. Бірақ нақты қандай шешімдер қабылданғаны айтылмайды.

5 қаңтарда Қазақстанда жаппай наразылық өршіген тұста президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын қолға алатынын мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз