Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Үкіметке бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтеруді 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастау туралы тапсырма бергенін хабарлады. Оның айтуынша бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді.
Үкіметке бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметшілердің жалақысын көтеруді 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастау туралы тапсырма бердім. Бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 22, 2019