Мемлекет басшысының Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
“Мемлекет басшысының өкімімен Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.