Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы екі күнге жоспары туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады”, – деп жазды Берік Уәли.
Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.