Тоқаев Павлодар облысының әкімін қызметінен босатты

0
166
Әбілқайыр Сқақов. Photo: Ortcom.kz

1 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қызметінен босатты.  Ал Атырау облысы және Шымкент қаласының басшылары орнында қалды. 

“Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын”, – делінген Ақорда хабарламасында. 

Облыс әкімінің міндетін атқарушы болып Сқақовтың бірінші орынбасары болып келген Олег Крук тағайындалды.

Тоқаевтың жарлығымен Серік Шәпкенов Атырау облысының, ал Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып қайта тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз