Тоқаев ресми сапарлардан кейін қала және облыс әкімдерін тағайындады

0
209
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Bort #1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей және Францияға жасаған ресми сапары аяқталғаннан кейін, қала және облыс әкімдерін тағайындады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

  • Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
  • Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
  • Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.
  • Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды.
  • Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
  • Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
  • Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
  • Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
  • Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
  • Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
  • Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
  • Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз