30 наурыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Сауд Арабиясының Короліне ризашылығын жеткізді. Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық қарым-қатынас екі елдің игілігі жолында одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Елбасының Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты дамытудағы зор еңбегін атап өтіп, өзара тиімді байланыстарды нығайтуға бағытталған жұмыстардың жалғаса беретінін айтты.
Ел көшбасшылары екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге ниетті екендерін атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.