Тоқаев сенаттың жаңа депутатын тағайындады

0
121
Нұрлан Әбдіров.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Әбдіровты сенат депутаты етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

“Мемлекет Басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.

59 жастағы Нұрлан Әбдіровтың мамандығы заңгер. Әр жылдары әділет министрлігінің нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары, қауіпсіздік кеңесі хатшылығының мемлекеттік инспекторы, қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2007 жылдан бастап парламент мәжілісінің депутаты, палатаның заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін басқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз