Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 мамырда Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Тоқаевты Бішкектің “Манас-2” халықаралық әуежайынан Қырғыз республикасы президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров пен осы елдің бірқатар ресми тұлғасы қарсы алды.