Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) келді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Борт N1 телеграм арнасына сілтеме жасап.
“Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі”, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір күн бұрын президент Тоқаевтың Ресейге және Әзербайжанға жұмыс сапарымен баратыны туралы ақпарат шыққан еді.