Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мамыр айының соңы немесе маусым айының басында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда кездесуі мүмкін екенін CNN телеарнасы хабарлады.
Екі жақты кездесудің нақты қай жерде өтетіні әзірге белгісіз. Дегенмен, КХДР президенті кездесудің Пхеньянда өтуін талап етуде.
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр КХДР мен АҚШ-тың көшбасшылары үшін кездесуге қолайлы жерлердің бірі ретінде қарастырылғанын айтады.
АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының кездесуі орны ретінде Ұлан-Батырды таңдау мәселесі соңғы төрт апта бойы жалғасқан талқылауларда ұсынылды.