Вице-министр қызметінен босатылған Қожағапанов премьер-министрдің кеңесшісі атанды

0
131

Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Ерлан Қожағапанов премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.


13 қыркүйек, дүйсенбі күні Ерлан Қожағапанов мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі қызметінен босатылды. Араға бірнеше минут салып премьер-министр сайтында Ерлан Қожағапановтың жаңа қызметі хабарланды.

Оқи отырыңыз: Ерлана Кожагапанова сняли с должности вице-министра культуры и спорта

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.  1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.  2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2013-2016 жылдары спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы және футбол федерациясының президенті қызметтерін атқарған.  2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында премьер-министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы, кеңесшісі қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған.  2020-2021 жылдары Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. Ал, 2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін мәдениет және спорт вице-министрі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз