8 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың күзінен бері Қарағанды облысын басқарып келген Жеңіс Қасымбекті Астана қаласының әкімі етіп тағайындады.
Бұған дейін Астана әкімі қызметін Алтай Көлгінов атқарып келген.
47 жастағы Жеңіс Қасымбектің мамандығы сәулетші-дизайнер және мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономист. Көлік және коммуникациялар вице-министрі, осы ведомствоның жауапты хатшысы қызметтерін атқарды, содан кейін осы ведомствоны басқарды. Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды. 2019 жылы премьер-министрдің орынбасары, ал сол жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарды.