Оралу
Саясат Жеңіс Қасымбек Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды
Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде өткен отырыста Жеңіс Қасымбектің кандидатурасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындауға келісілді.
«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды.
Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.