Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) және Кәсіби футболшылар қауымдастығының халықаралық федерациясы (FIFPro) үздік ойыншылардан жасақталған 2022 жылғы құраманы атады, деп хабарлайды kazaknews.kz
FIFA Football Awards 2022 марапаттау рәсімі Парижде өтті.
Аргентина құрамасының капитаны Леонель Месси 2022 жылдың үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ аргентиналық Эмилиано Мартинес үздік қақпашы атанды.
FIFA Fair Play Award сыйлығы – бүкіл әлемде футболда адал ойын және жанашырлық рухын насихаттайтын үлгілі мінез-құлық үшін федерацияның марапаты грузин қорғаушысы Лука Лочошвилиге берілді.
грузин қорғаушысы Лука Лочошвили
Парафутболшы Марчин Олекси маусымның ең әдемі голының авторы деп танылса, “Барселонаның” жартылай қорғаушысы Алексиа Путеллас үздік әйел ойыншы атанды. “Үздік жанкүйерлер” жүлдесі де Аргентинаға бұйырды.