Ресей мен Беларусь спортшылары Паралимпиада-2022 турнирінен шеттетілді

0
219
photo: ru.investing.com

3 наурызда халықаралық паралимпиада комитеті Ресей және Беларусь спортшыларының өтінімдерін Паралимпиада-2022 турниріне қабылдамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы paralympic.org сайты хабарлады.

Украинадағы жағдайға байланысты көптеген елдер Ресей мен Беларусь еліне санкциялар жариялап, тиісінше спортшылар мен ұлттық құрамалар Пекинде өтетін Париалимпиада-2022 турниріне Ресей және Беларусь спортшыларымен бірге қатыспаймыз деп мәлімдеме жасаған. Бұл паралимпиада комитетінің хабарлауынша Пекинде өтетін қысқы паралимпиада ойындарына және спортшылар тұрақтайтын шағын аудандағы қауіпсіздікке кері әсерін тигізуі мүмкін еді.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурызда паралимпиада комитеті Ресей және Беларусь спортшыларын бейтарап ретінде қатысуға рұқсат берді. Алайда бір күннен кейін екі ел спортшыларын мүлдем қабылдамайтынын хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз