4 желтоқсаннан бастап Instagram әлеуметтік желісі қосымшаны пайдаланудың жаңа шарттарын енгізді. Енді әрбір тіркелуші өз жасының кем дегенде 13 жас екенін растауы керек.
Компанияның хабарлауынша, бұл кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
“Егер өзіңіздің Facebook парақшаңызда жасыңызды көрсетсеңіз, және ол Instagram аккаунтыңызға қосылған болса, онда біз профиліңізде көрсетілген туған күніңізді сізге көрсететін боламыз. Бұл тек сізге көрсетілетін болады, және оны тек Instagram аккаунтыңыздан ғана көре аласыз. Туған күніңізді Facebookтен өзгертсеңіз, ол инстаграмда да өзгереді”, – делінген хабарламада.
Компанияның хабарлауынша, сонымен қатар пайдаланушылар хабарлама ағынын тікелей басқара алады.
- “Бұл операцияны іске қосқан адамдар, бұдан былай топтардан немесе әртүрлі жазбаларға жауап берілген хабарламаларды өздері қаламайтын адамдардан алмайды”, – дейді әзірлеушілер.