СДУ-лық стартаперлер JobBer мобильді қосымшасын ойлап тапты

0
79

Сулейман Демирел университетінің стартаперлері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қаржылай қолдауымен алғашқы отандық азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған мобильді қосымша ойлап тапты.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында ойластырылған JobBer мобильді қосымшасы – тапсырыс берушілер (жұмыс беруші) мен жұмыс іздеген адамдардың (жұмысшылар) өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба. Мобильді қосымшаның идеясы жоба авторларының нарықта тұжырымдаманы іске асыратын JB стартап компаниясын құруына жол ашты.

Қосымшаны әзірлеген, JB стартапының негізгі серіктестері мен құрылтайшылары – PhD докторы, СДУ-дың экономикалық, әлеуметтік және іскерлік зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Әсел Изекенова мен университеттің Инженерлік және жаратылыстану факультенінің 4-курс студенті Ализаде Парвин.

— Ұялы бағдарлама, ең алдымен, бейресми жұмыспен қамту нарығына көзделген, себебі негізгі пайдаланушы – қызметкерлер, студенттер мен одан өзге білім алушылар, үйде жұмыс істейтін адамдар және еңбек өтілі немесе жас ерекшелігіне байланысты зейнеткерлер, белгілі бір себептермен ресми түрде жұмысқа орналаса алмай жүрген адамдар болады. Жобаның бірегейлігі – қызметкерлерді мобильді платформамен қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ үлкен тәжірибесі бар, бірақ ұялы қосымшаларды пайдалануға онша білімдері жетпейтін қарт адамдарға жекелей қажетті ақпараттық-сауаттылық кеңестер жүргізетін кеңсе ұйымдастыруында,

– деп баяндады жоба жетекшісі Әсел Изекенова, қосымшаның тұсаукесер рәсімінде.

Android негізіндегі JobBer мобильді қосымшасы пайдаланушыларға өз ұсыныстарын үнемі бақылауға мүмкіндік береді. Жұмыс берушілер өз тапсырмаларын дербес басқара алады. Қосымша жұмысының негізгі артықшылығы оның қарапайымдылығында – электронды поштаның болуы жеткілікті: сол арқылы клиент пен тапсырманы орындаушының тіркелуі ғана қажет. Ұялы платформаның тұжырымдамасының үш негізгі компоненті: Мақсат – Жауапкершілік – Ыңғайлылық. Сонымен қоса компания мемлекет қазынасына салық төлемдерін өтейді, бұл – жұмсыкер үшін ресми түрде жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

– Аталмыш қосымша шын мәнінде мемлекетіміздің дамуына зор үлесін қосады деген сенімдемін. Жобаның бас серіктесі Тұңғыш Президент қорына ерекше алғысымды білдіремін. Себебі қор қарапайым мысалдар арқылы өміршең, әрі әлеуметтік маңызы бар жобаларға әрдайым қол ұшын береді. Жоба авторларына тек ғана сәттілік тілеймін,деп лебізін білдірді СДУ ректоры Қанат Қожахмет.

Қазіргі уақытта жоба авторлары демеушілердің ұсыныстарын қарастыруға әзір.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз