Коронавирус Батыс Қазақстанға жетті

0
88

29 наурыз күні Батыс Қазақстан облысында екі адамнан, Нұр-Сұлтанда төрт адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі сағат 16:40-та хабарлады.

29 наурызда Қазақстанда 42 адамға вирус жұққаны белгілі болған. Коронавирус елдің 12 облысында, республикалық маңызы бар үш қаласында тіркелді. Вирус Түркістан мен Қостанай облысында табылған жоқ.

Қазір елде науқастар саны 271 адамға жетті. Барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан – 13, Алматы – 5) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялады. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады.

30 наурыздан бастап Қарағанды облысындағы Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Абай қалалары және Атырау қаласы карантинге жабылмақ. Ақтау қаласында да жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылды.

Вирус жұқтырған 271 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда – 166 адам
  • Алматыда – 67 адам
  • Қарағандыда – 7 адам
  • Ақмола облысында – 6 адам
  • Атырау облысында – 6 адам
  • Алматы облысында – 4 адам
  • Жамбыл облысында – 3 адам
  • Шымкентте – 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы – 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
  • Ақтөбе облысында – 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам
  • Павлодар облысында – 1 адам
  • Маңғыстау облысында – 1 адам
  • Қызылорда облысында – 2 адам.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз