Түркістан халықаралық әуежайына алғашқы ұшақ қонды

0
339
Түркістан әуежайы.

1 желтоқсанда Түркістан халықаралық әуежайына алғаш болып Fly Arystan әуекомпаниясының “Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан” бағытында жолаушылар рейсі орындалды. Бұл туралы  Kаzaknews.kz сайты хабарлайды.

Түркістан мен Нұр-Сұлтан арасында ұшу бағасы 6999 теңгеден басталады. Fly Arystan әуе компаниясы екі қала арасында әр апта сейсенбі және жұма күндері қатынайды. 5 жолтақсаннан бастап Алматы қаласына рейстер ашылады. Билет құны 5999 теңгеден басталады. Рейстер “дүйсенбі” және “сенбі” күндері орындалады.

Әзірше Түркістаннан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына “FlyArystan”, “QazaqAir” және “SCAT” әуе компанияларының ұшақтары қатынайды. Басқа облыстарға рейстер кейін ашылады. Халықаралық деңгейде Стамбул және Дубайға бағыттар ашу жоспарланған. Әуе қатынасы белгілі жүйеге енген соң Мәскеу, Баку, Самарқанд және басқа қалаларға рейстер ашылады.

Түркістан әуежайы Қазақстанда іргетасынан бастап салынған алғашқы әуежай. Оның жалпы ауданы 905 га, сағатына 450 жолаушыны өткізе алады. Осылайша бір жылда 3 миллион жолаушы қабылдай алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз