Сирия президенті Башар Асад Солтүстік Кореяға ресми сапармен барады. Бұл туралы жексенбіде Солтүстік кореялық БАҚ жариялады, деп хабарлайды dw.com.
Башар Асад КХДР-ға ресми сапармен бару туралы ниетін 30 мамыр Дамаскіде Солтүстік Кореяның Сириядағы елшісінен сенім грамотасын алу кезінде мәлімдеген.
Сирия президентінің мәлімдемесін солтүстік кореялық БАҚ өкілдері «Мен Солтүстік Кореяға барып Ким Чен Ынмен кездесемін», деп келтірді.
Егер Асад жоспарлағандай Солтүстік Кореяға ресми сапармен келетін болса, бұл Ким Чен Ынның 2011 жылы билікке келгеннен кейінгі КХДР-ға шетел басшысының алғаш рет сапарлауы болмақ.