Астанада ат спортынан Азия чемпионаты өтуде

0
435

Елордада көне заманнан келе жатқан ұлттық ойындарды ұлықтау мақсатында ат спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтуде.

Астананың іргесіндегі «Қазақнат» атшабарында теңге ілуден екінші, аударыспақтан үшінші Азия чемпионаты өтті. Ат үстінде өтетін сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Моңғолия, Ауғанстан Түркия, Қытай елдерінен ат құлағында ойнайтын шабандоздар келген.

Азия чемпионаты теңге ілу ойыны бойынша Қазақстанда ғана өтуде. Ал аударыспақ ойынын қазіргі таңда Қытай елі де өткізіп үлгерген.

Астанада өткізіліп жатқан Азия чемпионатына ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің үйлестірушісі Марселлин Дэлли қатысты.

Айта кетейік, теңге ілу мен аударыспақ ойыны түрлерінен тұратын Азия чемпионаты елорданың 20 жылдық мерейтойы қасаңында ұйымдастырылды. Сайыстың жүлде қоры 14 миллион теңгені құрайды.

Сайыстың нәтижесі бойынша теңге ілуден ел чемпионы Мағжан Сапарбек пен Азия чемпионы, «Ақ бидай» ауылдық ойындарының жеңімпазы Ғалымжан Ізжановтар бірінші және екінші орындарды өзара бөлісті. Үшінші орынды қырғызстандық спортшы Амантұр Минуруулу иемденді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз