Трамп Еуропаға қарсы сауда соғысын жариялады

0
77

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропаға сауда соғысын жариялады. 1 маусымнан бастап ЕО, Канада және Мексикадан болатқа 25 пайыз пен алюминий импортына 10 пайыз баж салығын енгізді. Мұндай мәлімдемені АҚШ-тың коммерциялық хатшысы Уилбур Росс жариялады, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

АҚШ-тың болат және алюминий импортына арналған шектеу тарифтері наурыз айынла енгізілген болатын. Бірақ Вашингтон одақтастарына жеңілдік жасап, салықты кейінге шегерген болатын.

Бүгінге дейін тараптар сауда саясаты бойынша ортақ мәмілеге келуі тиіс болатын. Дегенмен, келіссөздер сәтсіз аяқталды. АҚШ аталған аймақтарға сауда соғысын жариялауын жергілікті нарықты қорғау деп атады.

«Экономикасының әлеуеті мықты, 18 трлн доллары бар біздің ел үшін ЕО қарымта қайтарса да еш әсер етпейді. Олар Американың бірқатар тауарларына тарифты арттырса да, сатылым нольге тең деуге келмейді. Ауыл шаруашылығына қатысты басқа нарық табуға болады. Қытайға қатысты да айтарымыз осы. Мақсатымыз өзгерген жоқ. Онда көбірек тауар өткізіп, саудаға қатысты кедергілерді жойғымыз келеді», – АҚШ-тың сауда министрі Уилбур Росс.


Болат пен алюминийге 10-25 пайыз аралығында салынған салық өткен түннен бастап өз күшіне енді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз