Ақ үй Трамп пен Путиннің кездесуіне дайындалуда

0
64

Ақ үй басшылығы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуіне қызу дайындық үстінде. Бұл туралы korrespondent.net The Wall Street Journal-ына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның дереккөзі бойынша, кездесуге дайындық барысында АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Хантсман Мәскеуден Вашингтонға арнайы келген.

The Wall Street Journal-ы кездесудің орны мен уақытының әлі нақтыланбағанын және бұл кездесу бірнеше айға созылған «Хантсманның ағымдағы жобасы» екенін мәлімдеген.

Еске сала кетейік, наурыз айында Трамп Владимир Путинмен жақын арада кездесетінін мәлімдеп, Ресей басшысын Ақ үйге шақырған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз