Қазақстанда коронавирустан 15 адам айықты

0
86
Photo: rbc.ru

Қазақстанда барлығы 15 адам Covid-19 дертінен айықты. Олардың 13-і Нұр-Сұлтанда, екеуі Алматыда. Бұл туралы 28 наурыз 15:00-де Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде 28 наурыз 14:00-ге дейін 54 адамнан вирус табылған еді. Нұр-Сұлтанда – 42 адам, Алматыда – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Ақмола облысында – 2 адам, Алматы облысында – 3 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, Атырау облысында 1 адам вирус жұқтырған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады.

Қазір елде барлығы 204 адамнан вирус табылды:

  • Нұр-Сұлтанда – 117 адам
  • Алматыда – 58 адам
  • Қарағандыда – 4 адам
  • Жамбыл облысында – 3 адам
  • Атырау облысында – 4 адам
  • Ақмола облысында – 5 адам
  • Шымкентте – 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
  • Алматы – облысында – 4 адам
  • Ақтөбе облысында – 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам
  • Павлодар облысында – 1 адам
  • Маңғыстау облысында – 1 адам
  • Қызылорда облысында – 1 адам.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз