Қазақстанда өткен тәулікте 3 облыс пен 1 қалада коронавирус тіркелмеді

0
99
Медицина қызметкері жолаушының қызуын тексеріп тұр. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

7 қыркүйек күні Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған 64 адам анықталған. Бір күнде 239 адам Covid-тен жазылған. Шымкент қаласында, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында вирус тіркелмеген. Бұл туралы сейсенбі күні таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында – 17, Алматы қаласында – 8, Батыс Қазақстан облысында 7 адамнан коронавирус табылған.

Ресми дерек бойынша, коронавирус індеті келгелі Қазақстанда 106 425 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның 100 мыңға жуығы жазылып шыққан, 1634-і қайтыс болған. Бұдан бөлек коронавирустан жұқтырған бірақ “ілеспе аурудан қайтыс болды” деген жүздеген адам бар.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Алматы қаласында – 14 284 (+8 адам жаңадан қосылды),
Нұр-Сұлтан қаласында -13 892 (+2),
Атырау облысында – 10 961 (+3),
Қарағанды облысында – 10 153 (+6),
Шығыс Қазақстан облысында – 8 311 (+17),
Батыс Қазақстан облысында – 6 793 (+7),
Шымкент қаласында – 5 181 (+0),
Алматы облысында – 4 909 (+1),
Жамбыл облысында – 4 101 (+4),
Солтүстік Қазақстан облысында – 3 990 (+5),
Павлодар облысында – 3 860 (+2),
Қостанай облысында – 3 436 (+2),
Ақмола облысында – 3 424 (+3),
Түркістан облысында – 3 343 (+4),
Маңғыстау облысында – 3 334 (+0),
Қызылорда облысында – 3 231 (+0),
Ақтөбе облысында – 3 223 (+0).

Бұл мәліметке зертханалық талдаумен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония дерегі енбеген. Үкімет мұндай пневмонияның есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. 1 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында коронавирус пневмониясы 27 мыңнан астам адамнан анықталған. 6 мыңға жуығы жазылып шыққан, 314 адам қайтыс болған, қалғаны емделіп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз