Өткен тәулікте пневмония мен коронавирустан 11 адам қайтыс болды

0
71

13 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан тағы 77 адам анықталды, пневмонияның осы түрінен 7 адам қайтыс болды. Бір күнде 30 адам дерттен айықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 29 658 адам шалдыққан, 328 адам қайтыс болған, 6 853 адам жазылған.

13 қыркүйекте коронавирус инфекциясынан 4 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған 1671 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі жүздеген адам өлімін бұл статистикаға енгізбеген. Ведомство олардың өліміне коронавирус емес, “ілеспе аурулар” себеп болды деп мәлімдеген.

Қазір 4 557 адам covid-тен емделіп жатыр, 37-і – бала. Стационарда – 2 306 адам, амбулаторлық жағдайда 2 251 адам емделіп жатыр. 121 адамның жағдайы ауыр, 22 науқастың жағдайы – өте ауыр, 23 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Қазақстанда коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоғарыда айтылған көрсеткіштен әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі вирус пневмониясы Қазақстанда маусым және шілде айларында өршіген. Ведомство бұған дейін жалпы пневмония статистикасынан оларды айырып, ажырату мүмкін емес екенін айтып, нақты қанша адамның вирус пневмониясына шалдыққаны анықталмады деген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз