Осы жылы Қазақстанда жылу құны өткен жылға қарағанда арзанырақ болады. Бұған қоса жылыту маусымы ауа райының күрт сууына байланысты, әдеттегіден ерте басталды. Бұл туралы Energyprom сайты хабарлады.
Елдегі қалаларда орталық жылыту тарифі тамызда бір гкал үшін 3,3 мың теңге болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға төмен. Елдің ірі қалалары арасында жылу энергиясы ең қымбат Шымкент пен Атырау тұрғындары үшін (бір гкал үшін 5,1 мың теңге), сондай-ақ алматылықтар (1 гкал үшін 5 мың теңге), ең арзаны Көкшетау тұрғындарына (1,6 мың теңге бір гкал).
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында елде 51,6 миллион гкал жылу энергиясы өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8% -ға аз. Өндірістің ең көп көлемі Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарында тіркелген.
2020 жылдың тамызында Қазақстанда “коммуналдық қызмет”, тұрғын үй қызметі, су, электр қуаты, газ және басқа отын түрлері өткен жылмен салыстырғанда 2,5% -ға өсті.