ХҚКО-ны ескертусіз келіп тексерген министр Мусин халықтан кешірім сұрады

0
12
Áàãäàò Ìóñèí

Қазақстанның цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өткен аптаның соңында Халыққа қызмет көрсету орталығына ескертусіз барып тексерген. Министр бұл туралы instagram парақшасында жазды.

“Ескертусіз тексеру – сол ортаның жағдайын жақсырақ білудің тиімді әдісі екеніне тағы көзім жетті.” – дейді Министр Мусин.

Халықтың ХҚКО ішіндегі алып жатқан қызметін, әлеуметтік ара қашықтығын, басқа да тұстарын өз көзімен көрген министр инстаграм парақшасына мәселенің шешілу жолдарын жазды:

1. ХҚКО айналасында “көмекшілер” көбейіп кеткен. Олар ЭЦҚ кілтін және egov-тың тегін қызметтерін ақылы түрде алып беріп жатыр.

Бір апта ішінде барлық өзіне-өзі қызмет ету аймақтарын қалпына келтіруді тапсырдым! Біз халыққа қызмет көрсету орталықтарында санитарлық ахуалмен айналысып, оны бақылаудамыз.

2. ХҚКО санитарлық жағдайлары туралы

Әжетханаларды жөндеуге қаржы бөлуді тапсырдым. Сонымен қатар “Азаматтарға арналған үкімет” КЕАҚ облыстық және аудандық басшыларын жеке ванна бөлмелері бар сәнді кеңселерден айыруды тапсырдым. Менеджер мен клиент бір әжетхананы қолдануы керек, содан кейін жағдай басқаша болады деп ойлаймын.

3. Ресепшн лық толы. Адамдар консультация алмайынша кезекке тұра алмауда.

Осыған байланысты сұранысқа ие қызметтер үшін сайтта лендинг-парақша ашылады. Олар: “жеке куәлігімді жоғалтқан кезде не істеуім керек?”, “сіздің пәтеріңізде тіркеуде белгісіз адам табылғанда не істеу керек?” және т.б. сұрақтарға жауап береді.

4. Жеке куәлігіңізді қайта жасату кезінде суретке түскенде, суретті көру үшін тұрып оператор мониторына қарауыңыз керек.

Осы мәселені шешу үшін барлық жерде екі монитордан орнатылады.
Бұл мәселе негізінде 2013 жылғы стандартқа енгізілген. Енді сол кездегі стандартты қайтадан тексеру қажет! 

Бағдат Мусин халықтан осыдан ертерек ХҚКО-ларға бармағаны үшін кешірім сұрады. Мусин цифрлық даму министрі қызметіне 2020 жылдың қырқүйек айының екісі күні келді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз