Куәліксіз көлік айдағандар бес есе көп айыппұл төлейді

0
159
Photo: patrul.kz

6 қарашада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттардың ұсынысы бойынша жол жүру ережесін бұзған азаматтар үшін айыппұл санкциялары ұлғайтылды.

“Депутаттар тарапынан жекелеген құқықбұзушылықтар қысқартылып, кодекстен алынып тасталды. Өйткені мұндай даулар сотта азаматтық талап қою тәртібімен азаматтарды әкімшілік жауапқа тартпай шешілуі мүмкін. Бірқатар құқықбұзушылықтар бойынша айыппұл санкцияларының мөлшері төмендетілді, сондай-ақ қолданыстағы әкімшілік жазалар әлдеқайда жеңіл жазаларға ауыстырылды”, – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин.

Мысалы жүргізуші құқығынан айырылған адамға көлік құралын жүргізгені үшін 50 АЕК (126 мың теңге) айыппұл салынатын болады. Сондай-ақ осындай тәртіп бұзушылықты қайталап жасағаны үшін айыппұл 20-дан 70 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Бұл түзету қазақстандықтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданып отыр деп түсіндірді депутат.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз