Нұр-Сұлтанда БҚО және Жамбыл облыстарының жәрмеңкесі өтеді

0
107
photo: Нұр-Сұлтан әкімдігі баспасөз қызметі

12-13 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің хабарлауынша, тауарлар бағасы нарықтағы бағадан 15-20% төмен болады. Өтетін орны Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаң.

Екі облыс 405 тонна өнім әкелді. Оның 204 тоннасы көкөністер, 92,8 тонна ет, 30 тонна шұжық, 12,5 тонна сүт өнімдері, 55 мың дана жұмыртқа, 21,5 тонна ұн және макарон өнімдері, 6 тонна кондитерлік өнімдер, 5 тонна қант, 2,5 тонна бал, 1,5 тонна кептірілген жемістер және т.б..  Барлығы 405 тонна өнімнен жоспар бойынша 445 миллион теңге жинау жоспарланған.

Жәрмеңке өткен апта 5 қыркүйек күні басталған. Түркістан және Алматы облыстары 800 тоннадан астам өнім әкелген.

photo: Нұр-Сұлтан әкімдігі баспасөз қызметі

Пандемия кезінде, жәрмеңкеге келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап, маска тағып, арақашықтық сақтауы және міндетті түрде антисептик қолдануы керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз