Тоқаев төтенше жағдайлар министрін тағайындады

0
116
Қазақстан төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

11 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Қыркүйектің басындағы халыққа жолдауында президент Тоқаев төтенше жағдайлар комитеті қайтадан министрлікке айналады, “ішкі істер министрлігін өзі маманданбаған міндеттерден босатып, тиімділігін арттыру қажет” деген еді. Екі күн бұрын президент төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы жарлыққа қол қойған.

2014 жылы төтенше жағдайлар министрлігі таратылып, оның өкілеті ішкі істер министрлігіне берілген еді. Ведомствода төтенше жағдайлар комитеті құрылды. Оған дейін ТЖМ жеке орган ретінде 10 жыл жұмыс істеген.

52 жастағы Юрий Ильин 2016 жылдың сәуір айынан бері ішкі істер вице-министрі қызметін атқарған. Оның алдында президент әкімшілігінде мемлекеттік бақылау бөлімінің инспекторы болған. 2013 жылдың наурыз айы мен 2015 жылдың қазан айы аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз