Елбасының ән шығармашылығы байқауы жарияланды

0
147

Елбасы кітапханасы оқушылар арасында «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы»  атты республикалық шығармашылық байқау жариялайды.

Байқау ҚР Президенті – Елбасының қорымен және Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайымен бірлесе отырып өткізіледі.

Байқау «Бабамнан қалған кең дала» (Н.Ә. Назарбаевтың авторлық әндерін орындау), «Біздің Президентіміздің сүйікті әндері толқынында» (Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті әндерін орындау), патриоттық тақырыпқа жазылған сүйемелдеудегі авторлық шығарма (концертмейстер, жеке аккомпанемент немесе аспаптық фонограмма) номинациялары бойынша өткізіледі.

Аталған шараға еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, жеке орындау және ұжымдық вокалдық топ ретінде (дуэт, трио, квартет) қатыса алады. 12-ден 14 жасқа және 16-дан 18 жасқа дейінгі жас ерекшеліктерінің санаттары белгіленді.

Байқауға өтініштер 2017 жылғы 10 қарашаға дейін Астана қ, Ә. Бөкейхан көшесі, 10, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ (18 кабинет). 8 (7172) 69-30-68 немесе электрондық пошта: danamarat20@gmail.com; немесе Астана қаласы, Ә. Мәмбетов көшесі, 1, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы. 8 (7172) 32-49-89немесе  электрондық пошта: dvorecskool@mail.ru қабылданады.

Байқаудың ережелері және өтініш-сауалнамалармен www.presidentlibrary.kz сайтындағы танысуға болады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз