Путин Қазақстан Президентінің Сирия келіссөздеріндегі рөлін баян етті

0
75
ашық дереккөзден алынды

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Сирия мәселесі бойынша келісссөздер жүргізу алаңын ұсынғаны үшін алғысын білдірді. Ол Назарбаев тараптарды келіссөздер үстелінде ұстап тұру үшін жауапкершілік алғанын атап өтті деп хабарлайды РИА Новости.

«Президент Назарбаев қайшы тарап пен келісуші тараптарды келіссөздер үстелінде ұстау үшін өзіне белгілі бір жауапкершілік жүктеген сәттер болғанын атап өткім келеді», – деп мәлімдеді Путин «Валдай» клубы отырысының қорытындысын талқылау барысында сөйлеген сөзінде.

Путиннің айтуынша, Сирия мәселесі бойынша Астана келіссөзі оң қарқынмен жүріп келеді және деэскалация аймақтарын құру оның ең маңызды нәтижесі. «Сенімді болуға барлық негіз бар менің мұқият айтатыным, жақын күндері ол аймақтағы лаңкестерді де аламыз», – дейді Путин.

Атап өтерлігі, Сириядағы қарулы қақтығыстар 2011 жылдың наурыз айынан бастап жалғасуда. Сириядағы дағдарысты реттеу туралы келіссөздер Астанада және Женевада өтеді. Астана қаңтардан бері Сирия мәселесі бойынша келіссөздер өткізді, қыркүйек айында келіссөздердің 6 раундты өтті.

Сирия мәселесі бойынша Астана келіссөзінің келесі раундты 30-31 қазанда өтеді.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз