Павлодарда атқорада өрт шығып, тоғыз жылқы жанып кетті

0
58
The Burning Horse Photo: florenceacademyofart.com

8 қазанда Павлодар облысы Павлодар ауданының Ольгинко ауылында атқора өртеніп, тоғыз жылқы жанып кеткен. Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

“Кеше, 8 қазан күні сағат 16.42-де кезекшілік бөліміне № 3 өрт сөндіру бөлімінен 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығының аймағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шлактан құйылған базаның ағаш құрылымдары мен төбесі жанған. Сондай-ақ, жалын 180 шаршы метр аумақта 4 тонна шөпті шарпып өткен”, – делінген хабарламада.

Өрт салдарынан базаның төбесі құлап, 9 бас жылқы оттың астында қалған. Оқыс жағдайдың орын алуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған.

“Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Оқиға орнына № 3 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір автоцистерна, өрт сөндіру зертханасы шықты. Сонымен қатар, жеке құрамнан 16 адам мен үш техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 10 адам мен МТЗ-80 жұмылдырылды”, – делінген хабарламада. 

Өрт сағат 19.50-де ауыздықталып, 20.15-те толығымен сөндірілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз