Мәжіліс төрағасы Twitter-ге тіркелді

0
20
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. Мәжілістің жалпы отырысы 13.02.2019.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Твиттерде @NigmatulinKZ жеке парақшасын ашты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Н.Нығматулин Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қол жетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты.

“Twitter әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл ортақ мақсат жолында, бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын, – деді Мәжіліс Спикері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз