Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді

0
83
Photo: patrul.kz

Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдейді. Бұл туралы “Азаматтарға арналған үкіметтің” баспасөз қызметі хабарлады.

“Азаматтарға арналған үкімет” көлік жүргізу құжатын алу үшін талап етілетін 083 медициналық анықтамаға өзгерістер енгізген.

“Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес”, – делінген таратылған хабарламада.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар жоғын “Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі” ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады.

Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі:

Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында;

Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;

Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде;

Жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз